СҚО әкімі шаһар басшысына «Береке» ықшам ауданына көшіп баруға кеңес берді

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров жаңадан келген шаһар басшысы Серік Мұхамедиевке «Береке» ықшам ауданына көшіп баруға кеңес берді. Өйткені, мұнда проблеме жетерлік. Олардың барлығын арнайы баспасөз туры барысында аймақ жетекшісі тізбектеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Береке» ықшам ауданы деп аталғанымен бүгіндері бұл жердің берекесі қашқан. Жолдары шұрық-тесік, салынғанына көп бола қоймаған саябақтың жағдайы да мүшкіл. Ал, құрылысы 3 жыл бұрын басталған 6 көпқабатты үй әлі күнге дейін тапсырылмай отыр. Өйткені, баспананың маңайын абаттандырумен айналысып жүрген компания сылбыр жұмыс істеуде. Салдарынан 600 отбасы пәтерлеріне қол жеткізе алмай келеді.

СҚО әкімі шаһар басшысына «Береке» ықшам ауданына көшіп баруға кеңес берді СҚО әкімі шаһар басшысына «Береке» ықшам ауданына көшіп баруға кеңес берді

«Абаттандыру жұмыстарын Алматы облысынан келген компания жүргізуде. Бірақ олар ешбір техникасыз, жқызметкерлерсіз келген. Әрине, іс өнбейді. Бүгіндері нысанда бар болғаны 5 адам жүр. Бұл қарқынмен тұрғындар пәтерлерін әлі талай жыл күтеді. Егер осылай жалғаса берсе олармен келісімшартты бұзу қажет», — деді облыс әкімі.

Мұндағы 600 пәтердің 120-сы көпбалалы отбасыларға, тағы соншасы жетімдерге, ал қалғаны осы санаттағы өзге жандарға берілуі тиіс. Берекеде бұдан өзге де проблема жетерлік. Бүгіндері мұндағы жалғыз саябақтың сиқы қашқан. Бүгіндері оны да қалыпқа келтіру басталған.

СҚО әкімі шаһар басшысына «Береке» ықшам ауданына көшіп баруға кеңес берді

«Саябақтың шөбі өсіп кеткен. Ешкім қарамайды. Субұрқақты бүгіндері қалыпқа келтіре бастаған. Жалпы, осы маңайды ретке келтіру қажет. Бұл шаруаны бүгіндері қала әкімі қолға алды. Жұмыстар тезірек жүруі үшін шаһар басшысына осында көшіп келуге кеңес беремін. Мүмкін, сонда ғана тиісті қаржы игеріліп, іс қозғалатын шығар», — дейді Айдарбек Сапаров.

Алдағы уақытта ауданда тағы дене шынықтыру- сауықтыру кешені мен мектеп салынбақ.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі – Петропавлда құрылысы созылып кеткен үйлерді тезірек тапсыру керек

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x