жедел кеңес

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерінің қатысуымен денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді. Жиын барысында тиісті басқарма басшылары баяндама жасады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

жедел кеңес

Аймақ басшысы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға баса назар аудару қажеттігін ескертті. Әлеуметтік желілерде тұрғындар емханалардың жұмысына жиі шағымданады. Бірінші емхананы аралау кезінде тұрғындар облыс әкіміне медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдарын айтты. Айдарбек Сапаров тар шеңберлі мамандарды тарту, кезектерді азайту, ауруларды ерте анықтау және денсаулық сақтау нысандарына келушілерге барлық жағдай жасау бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

«Денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық ұйымдардың директорлары 20-шы шілдеге дейін емханалардағы кезек мәселесін шешуі тиіс. Және науқастарды қабылдау жағдайын жақсарту қажет. Кадрлардың бір-бірін алмастыруы, басқа емханалардан тар шеңберлі мамандарды тарту мәселесін дереу қарастырыңыздар. Тұрғындар апталап, айлап күтпеуі қажет», — деді облыс әкімі.

Айдарбек Сапаров медициналық мекемелерге ескертусіз бару тәжірибесін жалғастыратынын айтты.

Тағы оқыңыз: Лобанов ауылдық округінің әкімдігі 900 мың теңгеге аялдама сатып алмақ

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x