СҚО әкімі Есіл өзені жағалауының жағдайын тексерді

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Заречное кентіндегі Есіл өзені жағалауының жағдайын тексерді. Өңір басшысы жағалаудың мәселесіне ерекше назар аудару керек екенін айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мамандардың айтуынша, өзен эрозиясы тек Есіл өзенінде ғана емес, оның салаларында да байқалады. Ол су тасқыны кезеңінде критикалық деңгейлердің кенет өзгеруіне әсер етеді. Бұл болжау жұмыстарын қиындатады.

«Жауапты мемлекеттік органдарға жағалау сызығына кешенді зерттеу жүргізуді тапсырдым. Су басу қаупі бар 87 елді мекен қамтылады. Қажет болған жағдайда жағалауды бекіту жұмыстарын жүргіземіз», — деп жазды облыс әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ өзендердің түбі мен арналарын тазалау қажет. Бұл жұмыс оны ластанудан, бітелуден және сарқылудан сақтайды. Және тасқын судың кедергісіз өтуіне де әсер етеді.

Тағы оқыңыз: Танымал блогер М. Қозыбаев атындағы СҚУ басқармақ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x