Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұханбетов тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған «Арман» орталығы мен балалар ауылының тәрбиеленушілерін жаңа жыл мерекесімен құттықтап қайтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған «Арман» орталығында болды. Өңір басшысы орталық тәрбиеленушілерін келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, балалар үшін көтергіш механизмі бар арнайы шағын автобустың сатып алынғанын жеткізді.
Келесі жылы балаларға арналған арнайы тренажерлар алынады.
Бұдан кейін СҚО әкімі отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне қонаққа барды. Мұнда 39 бала тұрады, олардың әрқайсысына велосипед сыйға тартылды.
«Балалар талантты әрі шығармашылықпен айналысады. Жаңа фортепиано музыкадағы жаңа қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Балалар өздерінің жетістіктері және жоспарлары туралы айтып берді. Облыс әкімі жастарға жақсы білім алып, жаңа жылда ойлаған арман-тілектерінің орындалуын тіледі», — делінген облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Тағы оқыңыз: СҚО-да Аяз ата мен Ақшақар жол қозғалысы ережелерін түсіндірді