«Қызылжар» футбол клубының президенті Григорий Лория 70 жасқа толды. Оны айтулы датамен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құтықтады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Жергілікті аяқ доп шеберлері жаңа маусымды бастап кетті. Клубтың басшылығымен, жаттықтырушылар құрамымен және ойыншыларымен кездесу барысында өңір басшысы Премьер-лигада сәтті өнер көрсету міндеті тұрғанын айтты. Сондай-ақ, негізгі клубқа жергілікті футболшыларды тартуға да көңіл болу керек, деді облыс әкімі.
Облыста футболды дамыту үшін барлық жағдай жасалуда. Былтыр «Қарасай» стадионын жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталды. Жылыту және суару жүйесі бар жасанды алаң, жаңа жарық және дыбыс жүйесі орнатылды.
«Биыл трибунаны ауыстыру, трибуна астындағы аумақты жаңарту және шатыр орнату жоспарлануда. Ойыншыларды стадионның ортасынан шығару да жасалады. Осылайша, стадион УЕФА талаптарына сай болып, бізде еурокубок матчтарын өткізуге мүмкіндік береді»,-деп жазылған әкімдік таратқан жаңалықта.
Тағы оқыңыз: Петропавлда ағаштарды сындырып кеткен компанияның үстінен қылмыстық іс қозғалды