СҚО әкімі Ғауез Нұрмұханбетов өңір халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

СҚО-да биыл Ұлыстың ұлы күні кең көлемде аталып өтілді. Орталық алаңға жиналған өңір тұрғындарының назарына ұлттық ойындар мен мерекелік концерт ұсынылды. Алаңға келгендерді Навурыз мерекесімен аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Наурыз «жаңа күн» деген мағынаны білдіретін, Парсы сөзі. Алты айлық қытымыр қыс бітіп, көктем келіп күн шуағын шашатын уақыт. Бүгін Ұлыстың ұлы күніне орай Петропавлдың бас алаңы жылқысы мен түйесі бағылатын, қазаны көтеріліп, ошағында от жанған қазақ ауылына айналды. Мерекелік концерт әдеттегідей  театрландырылған көріністен басталды. Көктемнің келгенін, Наурыздың келгенін жар салатын Қыдыр ата да батасын жолдады.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұханбетов өңір халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

Бас алаңда көптің көңілін аударған тағы бір дүние ол қаз-қатар тігілген киіз үйлерде қойылған күмістен, былғары мен ағаштан жасалған қазақтың ұлттық нақыштағы түрлі бұйымдары. Солардың бірі – «Осипов» жеке кәсіпкерлігінің киіз үйі.  Мұнда тұрғындарға қолдан жасалған ер-тоқымдар мен  қамшылар көрсетілген.

«Ер-тоқымдарды таза былғарыдан жасаймыз. Біздің шеберлер ат спортына қажетті барлық затты өздері шығарады. Бүгін де тұрғындар назарына өз қолөнерімізді ұсынып отырмыз. Барлық заттар отандық өнімнен жасалады», — деді шебер Владимир Осипов.

Орталық алаңға жиналған солтүстікқазақстандықтарды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовте құттықтады. Өңір тұрғындары мен қонақтарына өзінің жылы лебізін білдіріп, орталық алаңда құрылған киіз үйлерді аралап, халықпен тілдесті.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұханбетов өңір халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

«Қадірменді қонақтар, Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы құтты болсын.  Наурыз жыл басы ғана емес бұл ең алдымен ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлттық мерекеміз рухани тазарту мен жаңарудың нышаны. Мемлекет басшысы жуырда Атырауда өткен құрылтайда наурыз мейрамының маңыздылығын ерекше атап өтті. Президент наурыздың беделін өсіру керек екенін атап өтті. Ұлттық құндылықтарды болашақ ұрпақа жеткізу біз үшін үлкен аманат. Бұл халық асыға күтетін ерекше мейрам. Көктем келіп табиғат қайта жаңғыратын кезең. Жаңа жылымыз жақсылық әкелсін. Әр отбасыға береке мен молшылық тілеймін», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Бұдан бөлек бұл күні бас алаңда жиналған жұртшылық ұлттық ойындарды тамашалады. Мәселен, мына жерде ұлдар асық атса, жанында арқан тартысып, палуандар күресіп, өзара мықтыны анықтады.

«Біз қазір қол күрестіруден сайыс өткізіп жатырмыз. Қалаған өңір тұрғыны келіп қатыса алады. Қазірдің өзінде 20-30 шақты адам келіп өз күштерін сынады. Жанымызда гір көтеруден, қазақ күресі мен басқа да түрлі ұлттық ойындардан сайыстар өтіп жатыр», — деді армреслингтен бас жаттықтырушы Олег Чегадаев.

Ұлыстың ұлы күні алаңға жиналған халық бірін-бірі жаңару мерекесімен құттықтады. Сәлемін жолдап, әншілердің шырқаған әніне билеп те үлгерді.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұханбетов өңір халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

«Біз бүгін үлкен мереке тойында жүрміз. Ежелден келе жатқан қазағымыздың наурыз мерекесі барлық қазақстандықтарға құтты болсын. Өз берекесімен келсін. Наурызымыз қайырлы құтты болсын», — деп өзінің жылы лебізін білдірді қала тұрғыны Мәриям Режепбаева.

«Наурыз құтты болсын! Үйлеріңізде бақ-береке, молшылық болсын. Бүгін қаламызда Ұлыстың ұлы күні ерекше тойланып жатыр. Мерекелік көңіл-күй сезіледі», — деді Петропавл тұрғыны Салтанат Әбдіхалық.

Тағы оқыңыз:СҚО-да оқушылар өрттен адамды құтқарып қалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x