СҚО-ға Қызылордадан екі вагон күріш жеткізілді

«Солтүстік» ӘКК тұрақтандыру қоры екі вагон күріш сатып алды. Сауда қызылордалық күріш өндірушілерімен жасалған меморандум аясында жүзеге асты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Біз маусым айында Қызылорда облысына бардық. Онда жергілікті өндіруші компаниямен төрт вагон немесе 272 тонна күріш сатып алу туралы меморандум жасалды. Кәсіпорын күріш өсіріп, өңдейді және сатады. Келісім-шартқа отырдық. Киллограмына 412 теңгеден 136 тонна күріштің ақысын төледік», — деді «Солтүстік» ӘКК АҚ Басқарма төрағасы Жақсылық Есдәулетов.

Айта кетсек, қазір қоймаларда 89 тонна өнім бар. Оның 19 тоннасы – тұрақтандыру қорының 7 нүктесінде, 70 тонна – ірі супермаркеттерде. 2023-2024 жылдары тұрақтандыру қоры үшін 204 тонна күріш сатып алынды. Тұрғындар 300-335 теңгеден сатып ала алады. Ресми деректерге сүйенсек, солтүстікқазақстандықтардың күрішке деген қажеттілігі жылына 336 тоннаны құрайды.

Тағы оқыңыз: Жылыту маусымына дайындық жүргізілуде

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x