СҚО жыл басынан сотқа ата-ана құқығынан айыру бойынша 90 материал жолданды

Солтүстік Қазақстанда жыл басынан профилактикалық есепке 35 кәмелетке толмаған қойылды. Кәмелетке толмағандардың үй-жайдан тыс және көңіл көтеру орындарында жүргені үшін 2418 заңды өкіл мен ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

16 жастағы 9 сынып оқушысы осыған дейін туғандары мен ювеналдық полиция мамандарына біраз әбігерге салған. Тәртібі нашар петропавлдық жасөспірім  мемлекеттік органдардың шешімімен Алматы қаласындағы арнайы мектепке түзетуге жіберілді. 12 ай оңтүстік астанада болған оқушының қазір тәртібі түзеген. Оқуын да дұрыстап, үлгерімі жақсарыпты. Бүгінде ол анасы және әжесінің қасында.  Отбасылардағы қолайлы тұрмыс пен тұрақты жағдай – ювеналдық полицейлердің, білім, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімдері қызметкерлерінің тынымсыз жұмысының нәтижесі.

Полицейлер мекенжайларға ғана барып қоймай, сағат 23:00-ден кейінгі түнгі рейдтерді қол алды. Олар ойын клубтарына, көңіл көтеру орындарына, аулаларға, жасөспірімдер жиналатын басқа да орындарға да барады.

 

«Жыл басынан облыста 500-ден астам рейдтік іс-шара жүргізілді. Кәмелетке толмағандардың үй-жайдан тыс және көңіл көтеру орындарында жүргені үшін 2418 заңды өкіл мен балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сотқа ата-ана құқығынан айыру бойынша 90 материал жолданды, олардың 44-і қанағаттандырылды. Жасөспірімдер түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында болғаны үшін олардың 21 иесі, сондай-ақ 21 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сатқаны үшін сауда орындарының 42 иесі әкімшілік жауапқа тартылды. Жыл басынан профилактикалық есепке 35 кәмелетке толмаған қойылды», дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Тағы оқыңыз: Демалыс күндері жауын-шашын болады

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x