СҚО-ға тыйым салынған әдебиеттерді әкелудің алғашқы фактісі тіркелді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Тыйым салынған әдебиетті солтүстікқазақстандық полицейлер шекара қызметімен бірлесіп анықтаған. Олар кітапты Қырғызстан Республикасына барған Ресей Федерациясының азаматын тексеру кезінде тапқан.
«Аталған кітап тәркіленді. Оны ҚР аумағына әкелуге, басып шығаруға, сақтауға және таратуға тыйым салынған. Шетелдікке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік материал жиналды. СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға тек ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы айқындаған стационарлық үй-жайларда ғана жол берілетінін еске салады» — деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Соттың шешімімен шетелдік 258440 теңге айыппұл төлеуі тиіс.
Тағы оқыңыз: Петропавлда бірнеше үй мен балабақша жылусыз қалды