Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшысы келді. Енді бұл қызметті Сәния Смаилова атқармақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Сәния Смаилова көпшілікке жақсы таныс. Ол осы тағайындауға дейін Петропавл қаласы әкімінің экономика, кәсiпкерлiк, ауылшаруашылығы және ветеринария мәселелерi жөнiндегi орынбасары болған.
Сәния Смаилова 1969 жылдың 17 маусымында СҚО Возвышен ауданының Ұзынкөл ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Омбы ауылшаруашылығы институтын, ал 2001 жылы Кокшетау гуманитарлық-экономикалық университетiн экономист-қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1991 жылы Возвышен аудандық қаржы бөлiмiнiң аға маманы болып бастаған.
1997-1998 жылдар аралығында Булаев аудандық қаржы бөлiмiнiң бас маманы болып еңбек еткен.
1998-2013 жылдар аралығында СҚО қаржы басқармасының бiлiм мекемелерiн қаржыландыру бөлiмiнде жетекшi маман, бас маман, бөлiм бастығы қызметтерiн атқарған.
2013 жылы СҚО бiлiм басқармасы басшысының экономика және қаржы жөнiндегi орынбасары болды.
Айта кетейік, облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасын осыған дейін Жанар Құсайын басқарған. Ол тамыз айының басында Аққайың ауданының әкімі болып тағайындалды.
Тағы оқыңыз: СҚО спорт басқармасының экс-басшысы министрлікке ауысты