СҚО мектептерінде қайтадан қатты отын жағатын қазандықтар орнатылады

Облыстық қоғамдық кеңесте 2024 жылғы бюджет нақтыланды. Ол 11 миллиард теңгені құрайды. Ең көп қаражат құрылыс және білім, жол-көлік саласына жұмсалмақ, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің талқысына түскен сұрақтардың бірі — бюджетті нақтылау. Миллион, миллиардтардың қайда жұмсалатыны анықталды. Білім беру саласына 1,5 миллиард теңгеден артық ақша бөлініп отыр. Бұл қаражаттың 230 млн теңгесіне Уәлиханов ауданы Қайрат ауылындағы мектеп күрделі жөндеуден өтеді. 53,8 млн теңгесіне Бидайық пен М.тЖұмабаев атындағы ІТ лицей мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал ең көп сома қатты отынмен жағылатын қазандықтарды орнатуға жұмсалады. Оған 1 млрд 26 млн теңге бөлініп отыр.

«Қазір мектептер қайтадан көмірмен жағылатын қазандықтарды орнатпақ. Осыған дейін кейбір оқу ордаларында биоотынмен, яғни сабан жағатын қазандықтар қойылған еді. Бұл тиімсіз болып шыққан. Сондықтан білім ошақтарындағы пештер ауыстырылады», — деді СҚО қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант.

Биотынмен жанатын қазандықтарға майлы дақылдардың сабаны жеткіліксіз екен. Сондықтан мектеп қайтадан көмірмен жылытылатын болады.Тағы бір көп қаражат сұратқан басқарма — жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Мұнда 856 млн теңге қажет. Ол жолдарды орташа жөндеуден өткізу үшін техникалық құжаттарға жұмсалмақ.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға келген үкімет басшысы өңірдің көктемгі су тасқынына дайындық барысын тексерді

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x