СҚО-да жыл басынан бері 155 адамды ит қапқан

СҚО-да жыл басынан бері жануарлардан зардап шеккен 236 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Олардың саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 11,8 пайызға өскен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының хабарлауынша, дәрігерлер көмегіне жүгінгендердің 155-і, яғни 65,7 пайызын ит қапқан. 69 адамды мысық, алты адамды жылқы және бір солтүстікқазақстандықты түлкі тістеп алған.  Ал бес өңір тұрғыны тышқандар мен егеуқұйрықтардан зардап шекті.

«Құтырма ауруына  қарсы көмек көрсету туралы өтініштердің барлығына эпизоотиялық және эпидемиологиялық тексерулер жүргізілді. Өтініш бергендердің 236-сы екпе алуға жазылып, олардың барлығына вакцина қойылды. Оның ішінде шартты мөлшерлеме бойынша – 146 адам, ал шартсыз – 90 адам екпе алды. Құтырма – орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, вакцинамен басқарылатын зоонозды вирустық ауру. Клиникалық симптомдар сатысында оның өлімі 100% құрайды. Адамдарға құтыру вирусының берілуі 99% дерлік жағдайда иттерден болады», — деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы  Юлия Гайсина

Сондай-ақ су тасқыны кезеңінде жануарларды уақытша ұстау орындарында ит тістеген 14 ерікті мен құтқарушылар  травматология бөліміне жүгінген. Жалпы мамандар тістеу фактілері орын алған жағдайда дереу медициналық мекемеге баруға кеңес береді.

Тағы оқыңыз:СҚО-да бір үйдің екі бірдей баласы суицид жасады

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x