СҚО-да жаңа цифрлық платформа дұрыс жұмыс істемегендіктен шаруалар субсидиядан қағылуда. «Gosagro.kz» порталы жыл басында іске қосылған. Алайда электрондық жүйе толық жетілдірілмеген болып шықты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Шаруалар мемлекет тарапынан төленетін демеуқаржыны алу үшін жаңа платформа арқылы өтініш беруге міндетті. Басқа баламасы жоқ. Алайда аталмыш бағдарламаға қажет ақпараттың 90 пайызы енгізілмеген. Кәсіпкерлердің айтуынша, сайт жиі ашылмай қалады. Олар өз шағымын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен кәсіпкерлерді қолдау палатасының мамандарына жеткізді.
«Бұған дейін кәсіпкерлер «Қолдау» жекеменшік платформасын пайдаланып келген болатын. Ол ақылы еді. Ал жыл басынан «Gosagro.kz» іске қосылды. Бірақ тиісті деңгейде жұмыс істемейтін болып шықты. Біз жауапты органдарға «Қолдауды» мемлекет меншігіне алу, субсидия беруді egov.kz порталы арқылы ұйымдастыру, әр өңірде Cool орталықтар ашу жөнінде ұсыныстар жолдадық», — дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Сабина Мұқашева.
Тағы оқыңыз: Мамырда қазақстандықтар жалпы 11 күн демалады