[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/fqjkfn.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Аққайыңдар өлкесінде суармалы егіншілік үшін Сергеев каналы қалыпқа келтірілмек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгінгі күні өңірде 3 мың гектарға тарта жер суарылады. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы биыл бұл көрсеткішті 4 мың гектарға жуықтатпақ. Болашақта облыста суармалы алқаптардың үлесі одан бірнеше есеге артуы мүмкін. Жергілікті билік үстіміздегі жылы осыдан ондаған жыл бұрын арнасы кепкен Сергеев каналын қалыпқа келтіру жұмыстарын бастамақшы. Өңірдің бірнеше ауданын басып өтетін каналдың жалпы ұзындығы 261 шақырымды құрайды.

«Бұл жұмыс бір күнде тындырылмайды. Облыс басшылығы нақты тапсырма берді. Сол тапсырма аясында жұмыс істейтін боламыз. Сергеев каналының қайта іске қосылуы өңірдің ауыл шаруашылығы саласын айтарлықтай дамытпақ. Себебі, каналдың арқасында бірнеше ауданда суармалы егіншілікпен мықтап айналысуға мүмкіндік туады. Ауа райы ісімізге қолбайлау болмайды»,- дейді ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x