СҚО-да колонияға телефон өткізбек болған азамат ұсталды. Одан төрт байланыс құралы, алты SIM-карта алынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Төрт телефон, алты SIM-карта және төрт қуаттағыш. Мұның бәрін Р. есіміді азамат полиэтилен пакетке орап, түзету мекемесіне өткізбек болған. Тыйым салынған заттарды СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №48 мекемесінің қызметкерлері және 6637 әскери бөлімінің әскери мамандары бақылау-із жолағын аралау барысында тапты. Бірден жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, заң бұзушы анықталды. Оны ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материал жиналды.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы «Береке» шағын ауданында тамыз айында түзету мектебі ашылады