Қазір Петропавлдағы «Береке» шағын ауданында арнайы түзету мектеп-интернатының құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Мердігер компанияның айтуынша, нысан осы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавл қаласының №2 арнайы мектеп-интернаты 111 адамға шақталған. Алайда, бүгінгі күні оқу ордасында 191 бала оқып жүр. Осы мәселені шешу мақсатында жаңадан мектеп салу қарастырылған. Жаңа мекеме 300 оқушыға және 50 жатын орынға арналған. Мұнда 39 оқу кабинеті, кітапхана, дәрігерлерге арналған кабинеттер, спортзал, ойын, душ бөлмелері, кір жуатын орын, автотұрақ және т.б. болады. Бұл мақсатқа бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлінген. Жаңа мектептің құрылыс жұмысына жергілікті «Зерттеу СК» компаниясы жауапты. Қазір нысан 50%-ға дайын.

«Бүгінде нысанның қасбеті салынып жатыр. Алайда кестеден кешігіп жатырмыз. Бұған дейін 4 бригада жұмыс істеген болатын. Қазір іске 5-шісін қостық. Жалпы 30-ға жуық азамат еңбек етіп жатыр. Сондай-ақ, ішкі әрлеу және инженерлік желілер бойынша жұмыс жүргізілуде. Жақында өртке қарсы дабыл жүйесі орнатылады», – деді учаске бастығы Есенгелді Көкішев.

Ішкі әрлеу жұмыстары аяқталғаннан кейін сыртқы және аумақты абаттандыру жұмыстары басталады. Алайда, мұнымен басқа компания айналысады. Нысанның жаңа оқу жылына дайын болуын AMANAT партиясының облыстық филилалында құрылған арнайы мониторингтік топ қадағалайтын болады.

Тағы оқыңыз:14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі»

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x