СҚО-да көлік жүргізуге тыйым салынған 138 адамға куәлік берілген

Солтүстік Қазақстан облысында медициналық көрсеткіштер бойынша көлік жүргізуге тыйым салынған 138 адамға куәлік берілген. Заңбұзушылықтарды прокурорлар анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңір прокурорлары жергілікті атқарушы органдар мен облыстық полиция бөлімшелерінде тексеріс жүргізген. Нәтижесінде, жол қауіпсіздігіне әсер ететін заңбұзушылықтар жүйелі түрде жасалатындығы анықтады.

«Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары «Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 24-бабының талаптарын бұза отырып, жол қозғалысы туралы полиция органдарының 79 ұйғарымы бойынша жол жамылғысын белгіленген нормативтерге сәйкес келтіру шараларын қабылдамаған. Сондай-ақ Медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша көлік жүргізуге тыйым салынған 138 адамда жүргізуші куәліктерінің бар екендігі анықталды», — делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Облыстағы 83 білім беру мекемесінің жанында жол белгілері мен таңбалары орнатылмаған. Ал ол нысандарға күн сайын 6 мыңнан астам бала барады екен.

«Сонымен қатар полиция органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының талаптарын бұза отыра, 17 құқық бұзушыға жол қозғалысы ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығармаған.  Қадағалау органының актілері бойынша 22 лауазымды тұлға, оның ішінде облыстық әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметкерлері мен Айыртау ауданы әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды, жіберілген  бұзушылықтарды жою және осы саладағы жағдайды жақсарту бойынша кешенді жоспар әзірленді», — деп көрсетілген ақпаратта.

Тағы оқыңыз: 2024 жылы петиция жарияланатын жаңа платформа іске қосылады

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x