СҚО-да боранда жолда қалған 60 адам жылыту пунктеріне жеткізілді

Демалыс күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 ауданда 4 жылыту пункті ашылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Боранға қарамастан жолға шыққан 60 жолаушы, діттеген жерлеріне жете алмай, жылыту пунктерінде түнеуге мәжбүр болған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары айтты. Демалыс күндері республикалық маңызы бар жолдардың 9 участкесі жабылды. Сонымен қатар облыстық және аудандық жолдарда да көлік қозғалысына шектеу қойылды. Құтқарушылар жол жиегіне шығып кеткен Газельдің жүргізшісіне де көмек көрсетіпті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Бірақ малын іздеп далада адасқандар бар.

«Үш ауданда тұрғындар мал іздеп шығып, адасып кеткен. Оларды іздестірдік. Үшеуі де дін аман, табылды. Фактілер Айыртау, Тимирязев және М. Жұмабаев ауданында тіркелді. Олардың барлығы байланысқа шығып отырды», — дейді СҚО ТЖД бөлім басшысы Сәкен Ағзамов.

Тағы оқыңыз:  СҚО-да 150 ауылдың халқы екі тәулік бойы жарықсыз отыр

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x