Былтыр облыс кәсіпорындарында болған жазатайым оқиғалардан 41 жұмысшы зардап шеккен. Өндірістік жарақат алған 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
СҚО статистика департаментінің мәліметінше, 2021-мен салыстырғанда зардап шегушілер саны 4,6%-ға төмендеген. Бірақ, ауыр жарақат алушылар мен қайтыс болғандар көрсеткіші азаймай тұр. Жұмыс барысында зардап шегудің негізгі себептері – абайсыздық танытып, қозғалыс ережелерін бұзу. Жазатайым оқиғалар, негізінен ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларында тіркелген.
«Өткен жылы зардап шеккендердің 61%– жекеменшік кәсіпорындар мен ұйымдарда, 29,3% – мемлекеттік және 9,7% – шет елдік заңды тұлғалардың меншігіндегі кәсіпорындарда жұмыс істеген. Өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің әрбір үшіншісінің біліктілігі жоқ», — деп таратты баспасөз қызметі.
Осылайша, жазатайым оқиғалар бойыншы былтыр материалдық төлем 15 млн теңгені құрады. 8,3 млн теңгеге еңбекке жарамсыздық парағы толтырылды.
Тағы оқыңыз: Жұмыртқаны еш негізсіз қымбаттатқан құс фабрикасына 3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды