1 жылда Солтүстік Қазақстан облысында азық-түлік бағасы 17,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар– 19,4 %-ға қымбаттады. Мұндай ақпаратпен Ұлттық статистика бюросы бөлісті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2023 жылдың мамырында өңір бойынша инфляция жылдық есептеумен алғанда 17,3% құрады. Өткен жылмен салыстырғанда бағалар биыл әжептәуір көтерілген. Мәселен, бір жыл ішінде тоқаш және ұннан дайындалған кондитер өнімдері – 36,7%, кондитер өнімдері – 26%, макарон өнімдерінің құны 23,8%-ға қымбаттады. Сүт өнімдерін енді өткен жылғыдан 21,6%-ға қымбатқа сатып алуға тура келеді.

Сонымен қатар, бағалар алкогольсіз сусындарға – 20%, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне – 19,4, етке – 13,9% жоғарылады. Жас көкөністер 3% қымбаттады. Әсіресе, пияз бағасы шарықтап кеткен, 26%.

“Бағалар өсімі 2023 жылғы мамырда (2022 жылғы мамырға қарағанда) жуу және тазалау құралдарына – 41,4%, тұрғын үй-жайға қызмет көрсету және жөндеуге арналған материалдарға – 21,9%, киім және аяқ киімге – 18,2%, фармацевтикалық өнімдерге – 14,7% құрады. Бағалардың бензинге – 12%, баллондағы сұйытылған газға – 13,2% көтерілгені белгіленген. Жылдық есептеумен алғанда, қоғамдық тамақтандыру қызметтерінің бағасы – 27,7%, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету бойынша қызметтер бағасы – 27,3, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер – 13,5, стоматология қызметтерінің бағасы – 25,1% ұлғайды”,- делінген статистика бюросы таратқан ақпаратта.

1 жылда арзандаған тауарлар да бар. Мәселен, картопты енді 20,2%-ға, қызылшаны– 15,9%-ға төмен бағада сатып алуға болады.

Тағы оқыңыз: Петропавлды Ресейге қосуды сұраған қала тұрғыны 3 жылға сотталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x