СҚО-да ауыл шаруашылығы техникасының 75 пайызы тозған

Қазақстанда машина-трактор паркінің тозуы күрделі проблемаға айналған. Қазіргі уақытта еліміздегі ауыл шаруашылығы техникасының 80%-ы тозған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ал СҚО-да бұл көрсеткіш 75 пайызды құрап отыр. Жыл сайын облыста ауыл шаруашылық техникасының тек 5 пайызы жаңартылып отырады екен. Былтыр өңірдегі «CLAAS» компаниясы 33,2 млрд теңгеге 333 техника құрастырған. Ал биыл 56 млрд теңгеге 521 ауыл шаруашылығы техникасын шығарыпты.

«Қызылжар» арнайы экономикалық аймағы  біздің фермерлерге техниканы сатып алу кезінде қаражаттарын  27%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі күні елімізде машина-трактор паркінің тозуы күрделі проблемаға айналған. Өңірде де бұл мәселе бар. Сондықтан алдағы уақытта облыста тіркеме ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын «Reimann» компаниясын салуды жоспарлап отырмыз. Жоба құны — 1,5 млрд теңге. Ол аймағымызда 2021 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «CLAAS» компаниясы құрастыратын  ауыл шаруашылығы техникасын толықтыру үшін пайдаланылатын болады», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 2,5 мың ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынған. Оларға мемлекет қаржылай қолдау көрсетеді. Яғни, шығынның 4/1 бөлігі инвестициялық субсидия арқылы өтеледі.   Себебі Президент өз жолдауында жыл сайын ауыл шаруашылығы техникасын  8-10%-ке жаңартуды міндеттеді.

Тағы оқыңыз:Енді газбен жүретін көліктерге арнайы белгі орнату қажет

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *