Солтүстік Қазақстан облысындағы аутизм орталығында кезек мәселесі өзекті. 2023 жылданбастап өңірдегі орталық екі ауысымда жұмыс істейбастағанына қарамастан, әлі де 253 бала мамандандырылған психологиялық-педагогикалыққолдауға мұқтаж. Жалпы СҚО-да 723 бала аутизмменауырады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

 Инклюзивті қоғам құру мәселесі AMANAT партиясының СҚОФ жанындағы отбасы жәнехалықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегіөңірлік кеңестің отырысында қаралды. Облыстықбілім басқармасы басшысының орынбасары Динара Анафинаның сөзінше, жыл соңында «Береке» шағынауданында жаңа №2 арнайы мектеп-интернат қолданысқа беріледі. Білім ордасында жаңа  аутизм орталығын ашу жоспарланып отыр екен.

 «Мүгедектерге арналған көтергіш сатыны орнатуға қорытынды алынды. Сондай-ақ 3-ші қабатта 570 шаршы метр аумақ анықталды. Балалармен 17 маман айналысатын болады. Олар бір кезеңде 50 баланы қамти алады. Орталыққа жыл сайын 43 млн теңгеқаржы бөлінбек. Оның ашылуымен біз кезек мәселесін түбегейлі шешеміз», — деді Динара Анафина.

 Кеңес барысында мүгедек адамдарға арналған нысандарды бейімдеу, оларды жұмысқа орналастыру және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері де талқыланды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Берескаяның айтуынша, 2027 жылға дейін ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін 773 білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, мемлекеттік органдар және басқа да объектілерді бейімдеу жоспарланып отыр. Осы жылдың басынан бастап 201 мүгедек жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, 50 адам «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқудан өтіп, өз істерін ашқан.

 Айта кетейік, осы жазда халықтың әлеуметтік осал топтарынан 16 644 бала сауықтыру мен демалыстың барлық түрлерімен қамтылған. Олардың қатарында жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан және өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен мүгедек жандар бар.

Тағы оқыңыз:Петропавлда екі әйел жанжалдасып, бірі екеншісіне пышақ сұғып алған

 

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x