Солтүстік Қазақстан облысында арзандатылған дизельдік отынды бөлу барысында сыбайлас жемқорлық фактісі анықталды. Операторлар өнімді белгілі бір тұлғаларға беруді жөн көрген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Енді ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін жандар арзандатылған дизельдік отын тапшылығын сезінбейді. Өйткені, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің өкілдері мониторинг жүргізіп, өнімнің қаншалықты әділетті түрде таратылатынын тексерді. Нәтижесінде, өңір аумағында бірқатар бұзушылықтар анықталған. Департамент өкілдерінің мәліметінше, операторлар арзандатылған дизельдік отынды бөлу барысында жекелеген тұлғаларға басымдық берген. Өнімге қол жеткізе алмай қалғандарда бар.
«Олқылықтың орны толтырылды. Біз жағдай қайталанбас үшін ауыл шаруашылығы министрлігіне осыған қатысты ұсыныстар жолдадық. Мұнымыз қолдау тапты. Жергілікті атқарушы органдарды қалған дизельдік отынды есеп тіркеуге міндеттеу қарастырылған. Арзандатылған өнімді бөлу критерийлері және операторлардың игермегені үшін жауапкершілік шаралары айқындалды», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Сергей Перов.
Тағы оқыңыз: Бүгін Абай күні