Бүгіндері алимент төлеуден жалтарып жүрген солтүстікқазақстандықтардың қарызы 260 млн теңгені құраған. Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен ведомствоаралық кеңесте айтылды. Жиында сондай-ақ, жалақы және мемлекет кірісі бойынша берешекті өндіріп алудың проблемалық мәселелері талқыланды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында алимент төлемей жүрген борышкерлердің саны артып келеді. Жыл басынан бері алимент өндіру бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Прокурорлық қадағалау нәтижесінде 43 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыс бойынша 25 алимент бойынша борышкер әкімшілік жазаға тартылды. Сонымен қатар, 9 проблемалық борышкерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, олар жауапкершілікке тартылды. Борышкерлердің арасында тұрақты табысы бола тұра, алимент төлеуден жалтарып жүргендер де бар.

Алимент төлемей жүрген борышкерлердің әрекеттері кәмелетке толмаған балалардың құқықтарына нұқсан келтіреді. Бұл мәселені шешу үшін облыстық прокуратура сот орындаушыларымен бірлесіп, борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстарын жалғастыруда.

 

Тағы көріңіз: Петропавлда бензин құйып жатып өртенген ер адам ауруханада көз жұмды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *