СҚО-да адам өмірін құтқарып қалған пробация қызметкері марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысында сотталған азаматты өлімнен арашалап қалған пробация қызметкері марапатталды. Ғалымжан Байбусинге “Ерлігі үшін” медалі табысталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға М. Жұмабаев ауданында тіркелген. Пробация қызметкері учаскесінде тұратын сотталғандарға күнделікті қоңырау шалу кезінде есепте тұрған тұлғалардың бірі байланысқа шықпаған. Белгілі болғандай, хабарсыз кеткен адам үйінен ешқайда шықпапты. Бұдан соң, шенді оның үйіне барған, дегенмен есігі іштен құлыптаулы болған.

«Үйден түтіннің иісі шығып, терезеден көрінді. Әйнекті сындырып, үйге кіргеннен кейін төсекте ес-түссіз жатқан сотталған адамды таптым. Оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Содан кейін Булаево қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Кәсіби дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін ол есін жиды», – деді Ғалымжан Байбусин.

Ер адам ұйықтар алдында отын мен қағаз толы пешке темекі тұқылын тастаған екен. Пеш жанып, оның жанында тұрған пластикалық зат ери бастаған. Салдарынан үй түтіндеген. Адам өмірін құтқарып қалған пробация қызметкері Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 мамырдағы Жарлығымен “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды.

Тағы оқыңыз: Бүгін «Ұмай» бағдарламасы арқылы өтінім қабылдау басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x