2026 жылдың ақпан айында Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы көпжылдық климаттық нормадан сәл жоғары болады. Синоптиктердің болжамынша, айдың орташа температурасы -12,0…-13,7 градус шамасында қалыптасады. Бұл әдеттегі көрсеткіштен шамамен 1 градусқа жылы, деп жазады Qazaqstan Media. 

Айдың алғашқы онкүндігінде түнгі уақытта ауа температурасы -8…-13 градустан -15…-20 градусқа дейін төмендейді. Ал күндізгі мезгілде 0…-5 градустан -7…-12 градусқа дейін суық болады. Онкүндіктің соңына қарай суық күшейіп, түнде -20…-25 градусқа дейін, күндіз -13…-18 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Екінші онкүндіктің басында ауа райы құбылмалы болады. Түнде -15…-20 градустан -5…-10 градусқа дейін ауытқып, күндіз 0…-5 градустан -10…-15 градусқа дейін өзгеруі ықтимал.

Үшінші онкүндікте де температураның құбылуы сақталады. Түнде -14…-19 градустан -8…-13 градусқа дейін, күндіз -6…-11 градустан 0…-5 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі.

«Айлық жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, кей жерлерде нормадан сәл көп болуы мүмкін. Облыс бойынша желдің күшеюі жиі байқалады — секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Қар жаууы орташа қарқынмен өтеді, кей күндері боран соғып, тұман түсуі мүмкін»,- деп хабарлады синоптиктер.

Мамандар тұрғындарды ауа райының құбылмалы болуына дайын болып, жолға шығарда сақтық шараларын ұстануға шақырады.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *