СҚО-да 32 велосипед ұрлығы тіркелді

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында велосипед ұрлығының 32 фактісі тіркелді. Қылмыстың 11-і аудандарда орын алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Велосипед ұрлығы жаз мезгіліндегі өзекті қылмыстардың біріне жатады. Пысықайлар үйлердің алдында тұрғындарды күтіп, ішке бірге кіріп кетіп жатады. Не болмаса домофон арқылы кез келген пәтерге хабарласып, өздерін коммуналдық қызметтердің өкілдері ретінде таныстырады. Осылайша подъездге кіріп, тұрған заттарды қағып кетеді. Сол себепті, жергілікті полицейлер қос дөңгелекті көліктерді бейнебақылау камераларымен жабдықталған орындарда қалдыру қажеттігін еске салады.

«Петропавл қаласындағы Универсальная көшесінде жасөспірім велосипедін аз уақытқа қараусыз қалдырған. Ал бұл мүмкіндікті ұрылар ұтымды пайдаланған. Қуанышқа орай, полицияға уақтылы хабарласудың арқасында қаскөй ізін суытпай ұсталып, велосипед иесіне қайтарылды», — деп таратты СҚО ПД баспасөз қызметі.

Сондықтан тәртіп сақшылары аталған қылмыстарды ашу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде.

«Мысалы, бірқатар қылмыстар бойынша 3,5 жылға сотталған бұрын істі болған 33 жастағы қала тұрғыны қазіргі уақытта жазасын өтеп жатыр. Ол қаладағы үйлердің жертөлелеріндегі, қоймалардағы құлыптарды бұзып кіріп отырған. Ол ұрлаған заттардың арасында екі велосипед те болды», — дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиев.

Тағы оқыңыз: Мереке күндері ХҚКО қалай жұмыс істемек?

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x