СҚО-да 300-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш табылды

Солтүстік Қазақстан облысы ескерткіштерінің электронды мәліметтер қорын жасақтап оны картографиялау мақсатында өңірде зерттеушілерден құралған 3 отряд көктем және күз мезгілінде барлау іздестіру жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде, жаңадан 300-ден аса тарихи-мәдени ескерткіш анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Барлау-іздестіру жұмыстары «Мәдени-тарихи үрдіс контекстіндегі Солтүстік Қазақстан: тас дәуірінен бастап қәзіргі заманғы этнографияға  дейін» атты жоба аясында жүргізілген. Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының зерттеушілері М.Қозыбаев университетінің студенттерімен бірлесе  облыстың Айыртау, Ғ. Мүсірепов, Есіл, Жамбыл, Мамлют, Тимирязев және Шал ақын аудандарын зерттеген. Нәтижесінде 300-ден аса жаңа этнографиялық ескерткіштер табылған. Оның 50-ден астамы саман және тастан жасалған үйлер, 3 көне мешіт бар. Тағы 3 қорым анықталды.

СҚО-да 300-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш табылды

«Барлау-іздестіру жұмыстарының нәтижеснде этнографиялық ескерткіштер көп табылды. Тас дәуірінің ескерткіштері, қол дәуіріндегі қоныстардың орны анықталды. Ерте темір дәуірі ескерткіштерінің ішінде қорымдар, обалар көп. Сонымен қатар, ХVIII-XIX ғасырдың этнографиялық ескерткіштері, қазақтың қыстаулары табылды. Бір өкініштісі ескерткіштердің көбісін қайта қалпына келтіру керек», — дейді Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Жанболат Өтебаев.

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x