Өңірде жыл басынан бері бес бала қызылша ауруына күдіктелсе, соның екеуінде диагноз зертханалық жолмен расталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай елімізде тұрақсыз, биыл 5 айда бұл дерт 715 адамда тіркелген.Өңірде қауіпті дерт бойынша 5 бала қаралса, соның екеуінде қызылша расталды.
«Қызылшамен ауырған балалардың біреуі оны Алматыдан жұқтырып келген. Екіншісі ешқайда шықпаған. Қазір бір бала инфекциялық бөлімде станционарлық ем алып жатыр. Ата-анасы профилактикалық екпелерден бас тартқан. Екінші балаға қызылшаға, қызамыққа және індеттік паротитке қарсы вакцинаның екі компоненті қойылған. Ол тәуір болып, үйіне жіберілді», — дейді Арман Күшбасов.
Тағы оқыңыз: Жоғалған 3 жасар қыз жақындарымен қауышты