СҚО-да қоғамдық кеңес мүшелері оқушыларды мектепішілік еңбекке араластыру қажет деп санайды

Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық кеңес мүшелері балалардың тәрбиесіне алаңдаулы. Нақтырақ айтсақ, еңбекке араластыру қажет деп санайды. Оқу бағдарламасына еңбекке баулу сабағын енгізіп, сенбіліктерге белсенді қатыстыру керек дейді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қоғамдық кеңесте ұзақ талқыланған тақырыптың бірі-бала тәрбиесі болды. Кеңес мүшелері мектептерде баланы ерте жастан еңбекке араластырып, қыздарды іс тігу, шеберлікке баулу керек дейді. Ал ұлдар жағы қолдарына ара, балға ұстап үйренсе, ағаштан түйін түйсе деп отыр. Оған қоса, мектепішілік жұмыстарға да тартылса деген ұсыныс айтты.

«Қазір ата-аналар балаларды сенбіліктерге шығармайды. Неге осындай жағдай қалыптасып отыр? Оған құқықтары бар ма? Қазір балалар жалқау болып барады. Телефонға тәуелді болып алған. Сенбіліктерге шықса болады ғой? Тоқсан аяқталған кезде өзі отыратын партасын тазалап кетсін. Бұл заңға қайшы ма? Қазір ата-аналар комитеті арқылы шығып, осы мәселені көтеруге болады. Баланың еңбекке деген көзқарасын өзгерту керек», — дейді облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Гүлбахша Мұсабаева.

Алайда бәрі оңай емес екен. Сенбілікке шығу керек деген хабарламаны көрсе, кей ата-аналар сынып жетекшілерге, одан қалды басшылыққа арызданып шыға келеді дейді білім басқармасындағылар.

«Заң бойынша баланың құқы бар, заңды өкілі бар. Бала сенбілікке шығу үшін, солармен келісу керекпіз. Баланың жұмыс істеуі, істемеуі соларға байланысты. Жаңа концепция аясында сенбілікті жарияламас бұрын ата-аналармен келісу керекпіз. Парталарды жууға келетін болсақ, ата-аналар «мектепте тазалыққа жауап беретін техперсонал бар» деп жауап береді. Біздің міндет — балаға білім беріп, шығармашылығын дамыту. Ал оның тазалық сақтауы, еңбекке аралсуы үшін қоғам өзгеруі керек», — деп жауап берді білім басқармасының бөлім басшысы Марфуза Науанова.

Дегенмен, түйіннің шешімі бар секілді. Қоғамдық кеңес мүшесі Павел Афанасьевтің айтуынша, бала құқығы бойынша конвенцияда көп сұраққа жауап табуға болады екен. Мәселен, баланың оқуына кедергі келтірмесе қоғамдық еңбекке араластыруға болады. Оған қоса, сол жердің салт-дәстүріне сай келетін болса сыныптан, мектептен тыс жұмысқа баулуға болады. Бірақ ол үшін балаға жағдай жасалуы шарт. Ол жұмыс киімі, жеткізу және қажет болса жуынатын, тамақтанатын орын болуы керек.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда запастағы офицерлер екі жылға әскери қызметке шақырылады

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x