СҚО-дағы құрылыс алаңдарында гастарбайтерлер  жұмыс істеген

 СҚО-дағы екі бірдей құрылыс алаңынан гастарбайтерлер анықталды,  деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен “Заңсыз келуші” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Нәтижесінде Петропавлдағы көппәтерлі үйлердің бірінің құрылысын тексеру барысында еңбек қызметін тиісті рұқсатсыз жүзеге асырған 6 Өзбекстан азаматы анықталды. Осыған ұқсас құқық бұзушылық Аққайың ауданында да тіркелді. Мұнда Өзбекстанның 2 азаматы әкімшілік ғимараттың құрылысында жұмыс істеген екен. Екі факті бойынша материалдар ҚР  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы бойынша сотқа жіберілді. Енді мердігерлер шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады.

– Жалпы, облыста 2-8 қазан аралығында шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін барлығы 21 әкімшілік материал жиналды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 181 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ облыстың 95 тұрғыны үш күн мерзімде шетелдіктердің болуы туралы хабарлау талабын елемеген. Қазақстан Республикасының азаматтары мен қонақтарынан көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз, – деді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметі бастығы Талғат Әбілов.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтарға медициналық сақтандырусыз жүргізуші куәлігін алуға тыйым салынуы мүмкін

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x