ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр облыста жарияланған төтенше жағдайға қарамастан тұрғындарды электрмен үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Тасқын салдарынан Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарының бірнеше елді мекенінде электр тарату желілерін су басу қаупі төнді. Себебі, биыл бұрын-соңды болмаған табиғи апат орын алып, өңірде 70 электр тірегі зақымданған болатын. Қазір төрт елді мекенде жарық электрмен жабдықтау жүйесі дизель-генераторлық қондырғылары арқылы берілуде. Жалпы су тасқыны жағдайына байланысты электрмен жабдықтауда шектеулер жоқ.
Роман Скляр «СҚО электр желілерін тарату компаниясы» АҚ-ға сапары барысында кәсіпорынның күштері мен құралдарының KEGOC АҚ-мен ынтымақтастығы қажеттігін атап өтті. Ол электрмен үздіксіз қамтамасыз етуді және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Тағы оқыңыз: Заречный кентінің 50-ге жуық тұрғыны эвакуациядан бас тартты