Ресейлік 25 қылмыскер Солтүстік Қазақстан облысы аумағында ұсталды. Жергілікті тәртіп сақшылары Омбы, Қорған және Түмен облыстарында заң бұзып, жауап беруден жалтарған азаматтарды елдеріне қайтарды, деп жазады Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Ресей Федерациясындағы әріптестерімен әрдайым байланыста. Екі елдің тәртіп сақшылары қылмысқа қарсы іс-қимыл, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бағытында үнемі ақпарат алмасып отырады.

Жарты жыл ішінде Солтүстік Қазақстан облысы аумағында криминалдық полиция қызметкерлері көрші Ресей Федерациясында іздеуде болған  25 қылмыстық құқық бұзушыны анықтап, ұстады. Оның сегізіне  Омбы облысының, алтауына Қорған, біреуіне  Түмен облысының полицейлері іздеуде жариялаған  болатын.  

«Солтүстік Қазақстан облысы Ресей Федерациясының үші облысымен шектеседі. Екі елдің полицейдері үнемі байланыста. Іздеуде болған қылмыскердердің ішінде ауыр жол-көлік оқиғасының қатысушысы және есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар күдікті де бар. Көбінесе бұл — мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткендер»- деп нақтылады  Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Солтүстікте тамыз айы жаңбырлы және желді болады

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *