Бүгін жергілікті футбол командасының мүшелеріне жаңа директор таныстырылды. Енді Qyzyljar футбол клубын 65 жастағы Николай Борисович Панин басқаратын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Николай Борисович «Оқжетпес», «Тобыл» сияқты командаларда жұмыс істеген. 2021 жылы маусымның үздік топ-менеджері болып танылды. 65 жастағы Николай Панин «Тобыл» ФК директоры қызметінен үш рет кетіп, үш рет қайта тағайындалған. Маман 2000 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін заманауи футболдың барлық оқиғаларына куә болған. Негізгі мамандығы механизатор болғанымен, жастайынан футбол ойнап, қорғаушы болған. Николай Борисович Qyzyljar футбол клубындағы алғашқы жұмыс күнін жиналыстан бастап, ұжымды өз жоспарларымен таныстырды. Споршыларға нақты міндеттер қойып, жұмыс көлемін көрсетті.