Тайынша ауданының прокуратурасы сотталғандар арасында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізіп отырады. Осылайша, мамандар құқық бұзушылықтардың алдын алуға септеспек ниетте, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2023 жылы Тайынша ауданының прокурорлары жазаны өтеу тәртібі мен белгіленген шарттарды бұзған тұлғалармен тілдесіп, 2 көрсетілім процесін өткізді. Ережені қасақана бұзған жандарға қатысты бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныстар қаралды.

“Сотталушыларың біріне өзінің міндеттерін орындамағаны үшін 4 рет ескерту жасалды. Бір рет мәжбүрлі еңбектен жалтарғаны үшін назарға алынды. Тағы бір адамға да өз міндеттерін орындамай, бір қылмысын 2-ші рет қайталағаны үшін ескерту жасалды”, — делінген облыс прокуратурасының хабарламасында.

Екеуінің де ісі сотта қаралды. Сөйтіп, ереже бұзғандардың жазасы қатаңдатылды.

Тағы оқыңыз: Зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық қаражатын алып кеткен студент ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *