Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Egemen Qazaqstan” газетіне берген сұхбатында тарихымызда есімі алтын әріппен жазылған тұлғаларға құрмет көрсету еліміздің бірегейлігін нығайта түсетін басты құндылық екенін айтты. Бұл пікірмен солтүстікқазақстандықтар да келіседі, деп хабарлайды “Qazaqstan Media” тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сұхбатында Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл толуына орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынатынын тілге тиек етті. Осындай атаулы күндер елдігіміздің түп тамыры тереңде жатқанын әйгілейді деген мемлекет басшысының пікірімен “Сенімен Болашақ” ҚБ облыстық филиалының басшысы Жанат Мұхамеджановта толықтай келіседі. Сондай-ақ Президент төл жаңа жылымыз әз Наурызды естен шығармай, оның мазмұнын байыту қажеттігін айтып өтті. Президенттің пікірінше, табиғатқа жан бітіріп, тіршілікті түлететін Наурыз мейрамына ерекше мән беру керек.
“Президентіміздің Наурыз мейрамына көңіл бөлу керек дегені маған ұнады. Мұны біз жаңғыру мен жаңарудың символы ретінде қарауымыз керек. Шыныменде, Наурызды ұлттық мерекеге айналдыратын кез келді. Мен мемлекет басшысымен толықтай келісемін”, — деді Жанат Мұхамеджанов.
Тағы оқыңыз:2024 жылғы 1 ақпаннан бастап электрмен жабдықтауға тарифтерді енгізу туралы ақпарат