Президент диқандарға көмек көрсетуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев солтүстік өңірлерде ауа райының қолайсыздығынан бірқатар қиындықтарға тап болған диқандарға көмектесуді тапсырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media Ақорданың ресми Телеграмм каналына сілтеме жасап.

«Еліміздің бірқатар солтүстік өңірлеріндегі қолайсыз жағдайлар мен қиындықтарға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке астық өндірумен айналысатын фермерлік және шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздің солтүстік аймағында күзгі дала жұмыстары сылбыр жүріп жатқанын айтқан болатын. Апталап жауған жауын диқандарға бидай жинауға көп кедергі келтірді. Сол себепті егіннің 17% — ы жиналды.

«Екі аптадан астам жауған жаңбырдың салдарынан шаруалар жинай алмай отыр. Диқандар астықтың сапасы төмен болады және олар келесі жылы тұқымсыз қаламыз деп алаңдаулы», – деп хабарлады АШМ.

Диқандарды негізінен несиелік міндеттемелер мен субсидиялар. Бұл проблеманы Ақмола облысына іс сапармен барған АШМ Айдарбек Сапаров жедел шешеміз деген болатын.

«Мемлекет тарапынан қажетті қолдау көрсетілетін болады. Барлық қаржы институттары кредиттік міндеттемелер бойынша ұзарту мүмкіндігін жеке-жеке қарастырады. Астықты кептіруге арналған дизель отынының бағасы мен қосымша көлеміне келетін болсақ, басқа мемлекеттік органдармен келісу процесі аяқталуда. Кептіргіштері бар лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары мен фермерлер үшін міндетті түрде арзандатылған отын беріледі», – деді Сапаров агроқұрылымдардың басшыларымен кездесуде.

Тағы оқыңыз: «Еңбек жолы» конкурсының үздіктері анықталды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x