Полицейлерден жәбір көрген Аққайың ауданының тұрғыны мүгедек болып қалды. Жаға ұстатарлық оқиға жайлы ақпарат Instagram желісінде жарияланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қалалық полиция бөлімініне Аққайың ауданының 44 жастағы тұрғынынан өзін тәртіп сақшылары ұрып кеткені жайлы хабар түскен. Оқиға Қиялы ауылында болған. Қазір ер адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Instagram-да жарияланған ақпаратқа сүйенсек, азаматқа ота жасалған. Дәрігерлер азаматтың бүйрегі мен көкбауырын алып тастаған. Ал оны мұндай халге жеткізген тәртіп сақшыларға жаза қолданылмаған.

«Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіліп, куәгерлерден жауап алынды. Дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. ҚР ҚК 362-бабы 1-тармағының 4-бөлігі бойынша «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде. Солардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Келешекте СҚО-да газдандыру мәселесі біржақты етіледі

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x