Петропавлға атақты актер Дәулет Әбдіғаппаров келді. Ол «Қажымұқан» фильмінде басты рөлді сомдап, көпке танылған актер. Бүгін әртіс мәдениет саласы қызметкерлерімен және жастармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Дәулет Әбдіғаппаров Қажымұқан фильмінде басты рөлді сомдап, көпке танылған актер. Бүгінде ол 90 шақты фильмге түсіп, өз көрерменін тапқан. Тек отандық киноиндустриясында ғана емес, шетел киноларында да басты рөлдерді сомдап жүр. Дәулет Әбдіғаппаровтың түр-келбеті мен дене бітімі «Күш атасын» еске түсіреді. Қазіргі уақытта Алматыдағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері. Бүгін қалалық мәдениет үйнің қызметкерлерімен, өнерде жүрген өскелең ұрпақпен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.
“Киелі Қызылжар өңіріне бірінші рет келіп тұрмын. Келе жатқан Республика күніне облыс әкімдігі арнайы шақырды. Мерекелік концерт барысында өңір тұрғындары үшін тарихи кейіпкерлердің сахнасын сомдайтын боламын. Петропавлға келгеніме өте қуаныштымын. Жақсы қарсы алды”,-дейді актер Дәулет Әбдіғаппаров
Айта кетейік, 25 қазан күні орталық алаңда сағат 10.30да Дәулет Әбдіғаппаровтың қатысуымен “Менің Қазақстаным” концерттік бағдарламасы болады