Бүгін Петропавлдың орталық алаңында Қазақстан халқы бірлігі күніне орай флешмоб өтті. Кешкі шара қаланың жастары үшін ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

1 — мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні облыс орталығында кең көлемде тойланды. Мәселен, күндіз орталық алаңда тұрғындар үшін концерт, көрмелер ұйымдастырылды. Ал кешке жастарға арналған көңілді шара өтті. Онда Петропавлдағы колледж, университеттердің студенттері әсем ән шырқап, мың бұрала биледі.

“Осындай шара өткізудегі басты мақсатымыз — елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің бірлігін одан әрі нығайту, татулығымызды баянды етуге ат салысу. Әрбір мереке өзінше ерекшеленеді ғой. Бүгін жастар барлығын өз қолдарына алып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қаладағы жастар орталықтары, би топтары да өнер көрсетті. Түпкі ниетіміз дарынды қыз-жігіттерді халыққа көрсету”, — деді қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Мұхамедәлі Испанов.

Алаңда кәдімгідей мерекелік атмосфера қалыптасқан. Мұны келушілердің жүздеріндегі қуаныштан байқауға болады. 13 жастағы Анастасия Васильеваның осындай концерттерге әбден еті үйренген. Бұрымды қалың көпшіліктің алдында емін-еркін өнер көрсете береді. “Экспромт” халық би-театрының мүшесі бүгінгі көрсеткен өнерлері ойдағыдай шыққанын айтады.

“Флешмобқа ұзақ әрі тиянақты дайындалдық. Барлығы ақталды. Жалпы, орта тобымыздан 17 адам өнер көрсеттік. Бір биімізді билеп шықтық. Көрермендердің ыстық қошеметіне бөлендік. Соған қарағанда бәрі жақсы өтті”, — дейді биші қыз.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x