бал биі

Бір топ петропавлдық зейнеткер бал биін үйреніп жүр. Сабақты кәсіби хореограф Владислав Оленчук өткізеді. 30 жылдық тәжірбиесі бар бишінің өзі де әлі күнге дейін сахнада өнер көрсетеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Владислав Оленчук жылдың басында қарт адамдарға бал биін үйрететін топ ашқан. Алғашқы кезде онда 50 адам қатысқан. Бүгіндері зейнеткерлердің тек  30-ы ғана қалған. Хореограф биге үйренгісі келетіндер көп, бірақ бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді дейді.

бал биі

Татьяна Вербицкая бұрын мектепте мұғалім болып еңбек еткен. Зейнетке шыққан соң төрт қабырғада қол қусырып отырмай, осылай уақытын тиімді өткізуге бел буған.

бал биі

«Менің жасым 69-да. Басында  үйренісіп кету қиын болды. Белім, қол-аяғым сырқырап ауыратын. Қазір олардың бірі де мазаламайды. Керісінше, өзімді жас сезініп, жеңілдеп қалдым. Мұнда жаңа адамдармен танысып, уақытты көңілді өткіземіз», — дейді Татьяна Вербицкая.

Клубтағылардың бірі бала күнінде биге қызықса, енді бірі сахнада өнер көрсетсем бе деп армандаған. Солардың бірі — Галина Сидорова. Жасы 70-тен асқанда мақсатына жеткен ол, би ерекше шабыт сыйлайды деп отыр.

бал биі

бал биі

«Өзім спортқа, саламатты өмір салтына бұрыннан жақынмын. Йогамен айналыстым. Қала сыртында саяжайым бар. Ондағы ұсақ-түйек жұмыстарды да өзім істеймін. Ал, бимен айналысуды бұрыннан армандайтынмын. Сондықтан мұнда келгеніме еш өкінбеймін. Би маған қуаныш пен энергия сыйлайды. Әр сабақтан кейін үйге ерекше шабыт алып қайтамын», — дейді зейнеткер.

Негізінен балет, халық билерімен 35 жасқа дейін ғана айналысады екен. Кейін бишілер зейнетке шығады. Ал бал биін кез-келген жаста үйренуге болады. Сондықтан Владислав Оленчук алдағы уақытта клубқа келушілер санын арттырмақшы. Қарт адамдарға бал биін үйретіп жүрген хореографтың өзі де бүгіндері 50-ді еңсерген. Бірақ әлі  күнге сахнада өнер көрсетіп жүр. Мұнымен қоса, шәкірт тәрбиелейді.

бал биі

бал биі

«Петропавлдың тумасымын. 10 жасымнан бастап бимен айналысамын. Мектепті бітіргеннен кейін музыкалық училищеге, хореография класына оқуға түстім. Осылайша, көркемөнер би ансамблінің жетекшісі мамандығын алып шықтым. Түрлі байқауларда бақ сынадым. 15 жасымда жетекшім маған жаңадан келген балаларды үйретуге көмектесуімді өтінді. Бұл да менің шеберлігімді шыңдай түсті. Түрлі жағдайға байланысты биді тастаған кездерім болды, бірақ, бәрібір осы саладан ұзап кете алмадым», — дейді Владислав Оленчук.

бал биі

Тағы оқыңыз: 17 күнде балаларды автокреслосыз тасымалдаудың 168 дерегі тіркелді

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x