Петропавлдық режиссер 300-ден астам қуыршақты жасаған

Петропавлдық режиссер қойылымда қолданатын қуыршақтарды өз қолымен жасайды. Ал алғашқы туындысын 8 жасында жасап шығарған. Оған сусабынның қорабын пайдаланыпты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Григорий Лайко облыстық қуыршақ театрының бас режиссері. Ол арада 30 жылға жуық уақыт өтсе де қуыршақ жасауға деген  қызығушылығын тастамаған. Қазір бұл істі режиссерлікпен қатар алып жүр.

«Қуыршақ театрына деген қызығушылық бала кезден пайда болды. Бұрын теледидардан «Қуыршақ театры әлемі» деген бағдарлама  көрсетілетін. Сол кезде шабыттанып, бірнеше қуыршақты жасап шыққан едім. Мектеп кезінде математика, физикаға жақын болып, сол бағытта еңбек етемін деп ойладым. Дегенмен өмірдің өзі мені осы салаға  алып келді. Мәскеуге оқуға түсіп, театр әртісі және режиссері мамандығын алып шықтым. Негізі қуыршақтардың ішкі мехнизімі қатты қызықтырады. Қазір одан бөлек, декарация  да жасаймын. Тапсырыс беріп, сатып алғысы келетіндер де табылады», – дейді Григорий Лайко.

Петропавлдық режиссер 300-ден астам қуыршақты жасаған

Марионетка, шағын кейіпкерді бейнелейтін планшет, адам бойымен бірдей таяқ, бес саусақты қолғап қуыршақтар. Қай-қайсысын болса да, шебер нақышына келтіріп жасап жүр. Қазір 300-ден астам туындының авторы. Қуыршақты жасауға бір аптадан бірнеше айға дейін уақыты кетеді екен.

«Шағын кейіпкерді бейнелейтін планшетті қуыршағым бар. Ол ағаштан жасалған. Қол-аяғы, буындары қимылдауы үшін серіппе өткізіледі. Іздесеңіз дүкендерде  де осындай пластмасс қуыршақтар бар. Дегенмен ағаштан жасалғаны берік әрі қимылы да жеңіл болады. Жібі, қандай да бір бөлігі ескірсе ауыстыру да оңай», – дейді режиссер.

Петропавлдық режиссер 300-ден астам қуыршақты жасаған

Григорий Лайко қуыршақ шебері ғана емес. Театр әртісі әрі режиссері. Қазір ол алдағы күндері сахналанатын қойылымдарға арнап қажетті туындыларын жасамақ екен.

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x