[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/photo-2023-04-04-110255.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Полицейлер 36 жастағы қала тұрғынынан 300 грамнан астам түрлі есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

36 жастағы әйел адам облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды. Ол интернет-дүкендердің бірінде синтетикалық есірткіні буып-түюмен және таратумен айналысқан деген күдікке ілінді. Тұрғылықты жерін тінту кезінде 2 полимерлі ыдыс және сатуға дайындалған ішінде кесек тәрізді заттары бар 109 полимерлік түйіншек, электрондық таразылар және басқа да құрал-жабдықтар тәркіленді.

«Ұсталған әйел қазіргі уақытта қамауда. Аталған факті ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Баптың санкциясына сәйкес, күдікті 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x