Петропавлдық кәсіпкер жылыжайдан күніне 6 тонна қияр жинайды

Петропавлдағы жаңа инновациялық жылыжай кешенінің жұмысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты. Онда күн сайын 6 тоннаға дейін қияр жиналады, толық қуатына шыққанда өнімділік 16 тоннаға дейін артпақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жергілікті қияр қаламыздың супермаркеттерінде сатыла бастады. Импорттық өнімге қарағанда арзанырақ. Жалпы, жаңа жылыжайдан жылына 3 мың тонна қияр, қызанақ және салат жиналмақ.

«Біздің облыс үшін қияр тұтыну көрсеткіші тәулігіне 50 тоннаны құрайды. Жаңа жылыжайдың өнімі облыс сұранысының 30 пайызын жауып, қыста бағаға әсер етеді», — деді облыс әкімі.

 «Зеленый север» серіктестігі жобаға 1,4 млрд теңге инвестиция құйды. Тағы 5,8 млрд теңгені «Солтүстік» ӘКК жеңілдетілген несие түрінде қаржыландырды. Мемлекет инженерлік желілерді тартуға да көмектесті.

Кешенге Нидерланды елінің заманауи қондырғылары орнатылды. Жылыжайдың өз микроклиматы бар, бүкіл процесс компьютермен басқарылады.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы сұлулық салондарының бірінің Instagram парақшасын алаяқтар пайдаланып келген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x