Петропавлдық зейнеткер өрт сөндірушілердің каскаларынан коллекция жинайды. Оның топтамасында АҚШ, Ұлыбритания, Германия сынды шет елдің құтқарушылары қолданатын каскалар да бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

Болатжан Асқарбеков коллекциясын жинауды қазақ жеріндегі өрт сөндірушілер осыдан шамамен 90 жыл бұрын киген каскадан бастаған. Ол бас киімді жаңартып, қалпына келтірген.Қазір топтамасында қорғаныс құралының 25-ке жуық  түрі бар.Арасында АҚШ, Ұлыбритания,Германия сынды шетелдік құтқарушылардың бас киімдері де кездеседі.

Еліміздің өрт сөндірушілерінің ғана емес, өзге мемлекеттердегі құтқарушылардың бас киімдерін де жинап, сақтаумен айналысып келемін. Бүгінде коллекциямда Германия, Беларусь, Ресей, Ұлыбритания, Америка тіпті Үнді елінің өрт сөндірушілернің каскасы бар. Олардың көп бөлігін әріптестерім сыйға тартса, қалғанын интернет арқылысатып алдым”, дейді коллекционер Болатжан Асқарбеков.

Болатжан Асқарбеков өрт сөндіру қызметіне 2000 жылдары келген. Қатардағы жұмысшыдан бастап, төтенше жағдайларды жою бөлімінің басшысы лауазымына дейін көтерілген. Ерекше хоббиға ден қоюы да осы басшылық қызметтен басталған екен.

Петропавлдық зейнеткер каскалардың коллекциясын жинайды

Коллекциямда өзімнің жауынгерлік каскамда бар.Оны 8 жылдай кидім. Соның арқасында көп жағдайдан аман шықтым десем де болады. Ал қазір ол коллекциямнан өз орнын тапты. Барлық бас киімдердің ішінде өзіме осы ерекше ыстық. Көптеген естелікке толы”, дейді коллекционер.

Болатжан Асқарбеков еңбек жолында талай адамғажәрдем беріп, «екінші өмір» сыйлаған. Мәселен, осыдан 10 жыл бұрын өртке оранған үйден 2 адамдыалып шығып, ерлік көрсеткен.

Петропавлдық зейнеткер каскалардың коллекциясын жинайды

Осыдан тура 10 жыл бұрын Петропавл қаласында орналасқан тұрғын үй өртеніп, ішінде анасы мен баласы қалып қойған екен. Бірден оқиға орнынажетіп, оларды құтқарып қалдық. Бәрі сәтті аяқталды. Кейін осы әрекетім еленіп, медаль бұйырды. Құтқарушы мамандығын таңдағандықтан бұл менің парызым”, дейді Болатжан Асқарбеков.

Болатжан Асқарбеков қазір зейнетке шықса да, қолқусырып қарап отырған жоқ.  Бүгінде ол жергіліктіоқу орындарының бірінде «өрт қауіпсіздігі жәнетөтенше жағдайды қорғау» мамандығы бойыншаоқып жатқан студенттерге дәріс береді.

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x