Петропавлдағы жылу-электр орталығының оранжереясында 100-ден астам өсімдік бар

Петропавлдағы екінші жылу электр орталығының оранжереясында гүлдің түр-түрі өсіріледі. Шағын бақта фикус, герань, алоэ сынды бөлме өсімдіктерін кездестіруге болады. Биыл кәсіпорын Мәскеуден тағы бірнеше өсімдік түрін әкелген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жылыжай кеңес үкіметі кезінде құрылған. Кезінде мұнда көкөніс өссе, қазір басымдық гүлдерге берілген екен. Оранжереяның ауданы 375 шаршы метрді құрайды. Василий Костюков өсімдіктердің күтіміне жауапты. Оның мұнда жұмыс істеп жатқанына биыл 1 жыл толады. Айтуынша, бақта қазіргі таңда 100-ден астам өсімдік бар. Бағбан олардың әрқайсысына қолайлы жағдай жасап, жыл мезгіліне байланысты жылыжайдағы ауа температурасын да реттеп отырады.

Петропавлдағы жылу электр орталығының оранжереясында 100-ден астам өсімдік бар

«Мен бұл жерге таңертең ерте келіп, жылыжайдағы арам шөптерді жұламын. Одан кейін оларды суарамын. Гүлдің қайсысына болмасын жақсы күтім керек, жерін тыңайтып отырған абзал. Сондықтан уақытымның басым бөлігі осы жерде өтеді. Жылыжайда гүлдердің көптеген түрі бар. Бұл жерде Оңтүстік Америка, Африка және Қытай елдерінде өсетін өсімдіктерді де көре аласыздар», — дейді бағбан Василий Костюков.

Петропавлдағы жылу электр орталығының оранжереясында 100-ден астам өсімдік бар

Оранжереяға кәсіпорын қызметкерлері жиі келіп тұрады. Бұл жер олардың сүйікті демалыс орнына айналған.

Тағы оқыңыз: Шалақындық спортшылар үздік атанды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x