Петропавлдағы №3 қалалық емхананың 15 жылдық мерейтойы атап өтілді. Оған сала ардагерлері, емхана қызметкерлері мен тұрғындар куә қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Медициналық мекеменің кіреберісінде шара ұйымдастырылған. Жиын барысында нысан ашылғалы теріскейліктерге жәрдем көрсеткен ақ халаттылардың еңбегі еленді.

«Бұл іс шараға 30-ға жуық еңбек ардагері шақырлды. Қонақтардың бірі — алғашқы бас дәргеріміз Соболевская Тамара Ивановна. Сол кездері біз қалалық аурухана қарамағында болған едік. Ал 2011 жылы су жаңа еки ғимаратқа көштік. Оның бірі балаларға екіншісі ерсектерге арналған болатын», — деді №3 қалалық емхананың бөлім басшысы Ермек Нұрғожина.

Қошеметке бөленгендердің бірі — Әлия Ташетова. Нәзікжанды — саланың жілігін шағып, майын ішкен маман. Еңбек өтілі 40 жылдан асады. Әлия Жақсылыққызы емдеу орнын 11 жыл басқарған. Айтуынша, осы аралықта қаралатын тұрғын қатары көбейіп, маман саны мен көрсетілетін қызмет сапасы да артқан.

«15 жылдың ішінде көптеген жұмыс атқарылды. Нысанның ашылуына алғашқы Президентіміз Н.Ә. Назарбаев өзі қатысқан болатын. 100 пайыз болмаса да соған жақын су жаңа медициналық құрал-жабдықтар болған. Осы аралықта талай маман шыңдалып шықты». — деді Әлия Тәшетова.

Ашылған жылы емханада 30-ға жуық ақ халатты еңбек еткен. Бүгінде маман саны 100-ге жетіп отыр. Олар күніне 500-ден астам жанға жәрдем береді. Барлығы мұнда учаскелік аймақ бойынша 65 мың адам қарайды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да құрылыс компанияларына лицензиялар оңды-солды беріліп келген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *