[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.18.0″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/rustam8245_01.MP4_snapshot_00.02.224.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» custom_padding=»||0px|||» global_colors_info=»{}»]
Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге солтүстікқазақстандықтарда қол ұшын созып жатыр. Петропавлдық «Прогресс» тігін фабрикасы» ЖШС бауырлас елге киім-кешек пен қорғаныш костюмдерін жіберді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Жалпы құны 2 миллион теңгеге бағаланған киім-кешек бүгін Түркия елшілігіне жөнелтілмек. Гуманитарлық көмек қатаң түрде Түркияның Қазақстандағы елшілігі ұсынған тізім бойынша қабылданады. Апаттан зардап шеккендер жылы киімдер мен тұрмыстық, химиялық және гигиеналық заттарға мұқтаж. Сондықтан Түркияға жіберілетін киім-кешектің басым бөлігі – сырт киімдер. Қазір тігін фабрикасында барлығы 70 маман жұмыс істейді.
«Түркия Республикасымен біз ұзақ уақыттан бері достық қарым-қатынастамыз. Онда болып жатқан жағдай қатты жүрегімізге батты. Сондықтан біз де қол қусырып отыра алмадық. Бүгін балалар мен ересектерге жылы сырт киімдер мен үйінділерде жұмыс істейтін еріктілер мен құтқарушыларға арналған арнайы киімдерді жіберудеміз. Осы зілзаладан зардап шеккендердің, жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз»,-дейді «Прогресс» тігін фабрикасы» ЖШС pr-менеджері Динара Төлегенова.
[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/rustam8249_01.MP4_snapshot_00.02.087.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]