Облыс әкімінің Петропавл қаласының тұрғындарымен өткен кездесуінде өзекті мәселе көтерілді. Қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Болат Жақсылықов шаһардан әуежайға тікелей автобус қатынағанын қалайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Қызылжар» халықаралық әуежай жыл сайын дамып келеді. Өңір тұрғындары ел мегаполистеріне жылдам жете алады. Сонымен қатар, халықаралық әуе рейстері ашылды. Бірақ, Петропавлдан әуежайға тікелей автобус жүрмейді.

«Таксидің бағасы өте қымбат. Рейс уақыттары келгенде тіпті шарықтап кетеді. Осы мәселе қашан өз шешімін табады», — деді Болат Жақсылықов.

Бұл сұраққа Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев жауап берді. Оның айтуынша, әуежайға қатынасу мәселесі осыған дейін де көтерілген. Қазір сұрақты шешу жолдары жан-жақты қарастырылып жатыр екен. Қала әкімінің айтуынша мәселе 2027 жылы өз шешімін таппақ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан абаттандыру ережесін бұзудың 400-ден астам фактісі тіркелді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *