Қыс басталғалы коммуналдық қызметтер Петропавлдан 600 текше метр қар шығарған. Бұл туралы қала әкімі есеп беру кездесуі барысында айтты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Қыс мезгілі аяқталып келеді. Сондықтан коммуналдық қызметтер қар шығару жұмыстарына қарқын қосқан. Басты назарға еріген қар суынан зардап шегетін аудандар алынған. Ол — Жұмысшы кенті мен Береке ықшам ауданы. Сондықтан қала әкімі тұрғындарға аулалардан қарды жол бойына шығаруды сұрайды. Ал жалғызбасты қарияларға көмек көрсетіледі.
«Жеке секторда жалғызбасты қариялар көп тұрады. Оларды да назарсыз қалдырмаймыз. Сенбіліктер ұйымдастырып, көмек көрсетеміз. Сондай-ақ суағарларды тазарту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға 100 техника жұмылдырылған. Бүгіндері шаруа 40 %-ға тындырылған», — деді Серік Мұхамедиев.
Тағы оқыңыз: Петропавлға мамырда тағы аудандардан бригадалар келеді